фото: aikyn.kz
Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінде 1-2026 шақырылымының 230-ға жуық жас сарбазы салтанатты түрде Әскери ант қабылдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге серт берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Салтанатты рәсімге әскери бөлімнің басшылығы, ардагерлер, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалғаннан кейін жас жауынгерлер Әскери ант мәтінін оқыды.
Іс-шара барысында әскери бөлім басшылығы сарбаздарды құттықтап, әскери анттың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жас сарбаздар аналарына арнап әсерлі ән орындап, ата-аналарына ерекше көңіл күй сыйлады.
Ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар ата-аналарымен және туған-туыстарымен кездесіп, сейілдемеге жіберілді. Бұл күн жас жауынгерлердің әскери өміріндегі маңызды белес әрі елге деген адалдықтың айқын көрінісі болды.



Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!