Kyzylorda-news.kz. Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы өткізілуде.

Бұл жоба бүгінде Қызылорда қаласында да жалғасын тапты. «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай қайырымдылық марафоны 1000 отбасыны қамтыды. Оның ішінде кенттер мен ауылдық округ әкімдіктері 300 отбасыға азық-түлік таратса, қалған 700 отбасыға қала әкімдігі және облыстық басқармалар жалпы көлемі 7,5 млн теңге қаржыны құрайтын азық-түлік себеттерін үлестірді. Әр отбасыға аса қажетті азық-түлік өнімдері жеткізілді.

Айта кетейік, жоба асында қайырымдылықты дәріптейтін шаралар жыл бойына жалғасын табатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!