Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Қайрымды істер» марафоны аясында Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Волонтерлар фронт-офис» еріктілері, «ҚазГерМұнай» компаниясы ұсынған жарамды компьютерлерді әлеуметтік тұрмысы төмен 10 отбасыға табыстады. Бұл туралы «Волонтерлар фронт офисінің» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов мәлімдеді.
Сонымен қатар 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, 1000 отбасына азық-түлік себеттері үйлестірілді.
«Халық» қайырымдылық қоры, «Қайрымды істер» марафоны аясында облысымызға жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған 1000 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті. Сондай-ақ облыстық Жастар ресурстық орталығы, Волонтерлар фронт офисінің жанындағы әлеуметтік дүкеннен жыл басынан бері тұрмысы төмен 33 отбасы азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, үй жиhаздарын және демеушілердің қолдауымен, Қызылорда тазалығының 25 жұмысшысына күріш қалталарын табыстады», – дейді Болатбек Айтбенбетов.
Сонымен қатар облыс еріктілері тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыларды да назардан тыс қалдырған емес.
Атап айтар болсақ, облыстық жастар орталығының бастамасымен волонтерлар фронт офисінің еріктілерімен «Ел-Арай» қоғамдық қорымен бірлесе өрттен зардап шеккен Ягодка, Сабалақ саяжайының тұрғындарына тұрмысқа қажетті тауарлар, киім-кешек, компьютер жиынтығы, төсек жабдықтарымен ыдыс аяқтар табысталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!