Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тәртіп сақшылармен кездесті.

Шаһар басшысы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен кездесуде мінсіз қызметімен ерекшеленген басқарманың 30 қызметкерін атап өтіп, алғыс хаттармен марапаттады.

«Ел тыныштығын күзету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Полиция қызметкерлерінің еңбегін бағалап, құрмет көрсетіп жатқан қалалық әкімдікке алғысымды білдіремін», – деді ҚПБ ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Нұрбек Теңізбай.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!