Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында тұрғындарға тегін көшет таратылды.Өңірде орман шаруашылығы мекемесі қызметкерлері Батырхан Шөкенов атындағы саябақта Қызылорда қаласы тұрғындары өз аулаларында ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуіне көмектерін тигізіп, ағаш көшеттерін таратты.Экологиялық жағдайды жақсарту алдымен қоршаған ортаның тазалығы және оның көркейіп, көгалдануымен тікелей байланысты. Табиғатқа қайтарым ретінде мейлінше көп ағаш отырғызып, айналаны көркейту шараларын өткізу маңызды әрі сауапты іс.​ ​Айта кетейік, аталған жоба аясында 21 наурыздан бастап жыл көлемінде «Таза табиғат», «Мекенім-жасыл орманым», «Су-өмір нәрі», мектеп оқушылары арасында «Бұл – менің ағашым», «Таза аула-таза табиғат», «Таза су айдындары» ағаш отырғызу, көркейту көгалдандыру, тазалық акциялары өткізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!