Экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ-қа кредиттер бойынша төлемдерін кейінге шегеруге мүмкіндік беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке шағын және орта бизнесті қолдау шараларын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Үкіметтен келесі мәселелерді тез арада пысықтауды сұраймын: бірінші – пандемиядан зардап шеккен салалардағы ШОБ субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру, екіншісі – салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлі түрде өндіріп алуды уақытша тоқтату», – деді Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі жиында.

Айтуынша, аталған шаралар жаппай вакциналау басталғанға және шектеулердің көбі алынғанға дейін уақытша қолданыста болуға тиіс.

Сондай-ақ, президент Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне экономиканың зардап шеккен салаларындағы ШОБ-қа кредиттер бойынша төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

sputnik.kz