Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты күдікті қамауға алынды. Адам саудасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Грузияда қайтыс болған қазақ қызының туысы адам саудасына қатысты күдікке ілінді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы А. Айтпаеваның ата-анасының М. Мейірбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады», – делінген Polisia.kz сайтында.
Айта кету керек, бұл әрекеті үшін ол мүлкін тәркілеумен үш жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелген М. Мейірбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінiң уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Еске салайық, 26 жастағы отандасымыз Әсел Айтпаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. Марқұм 9 қабаттан құлап қаза тапқан. Оқиғаның қалай болғанын Грузия полициясы анықтап жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!