фото: ашық дереккөзден алынды
Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің кейбір аймағында жауын жауып, дауыл тұратынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбі күні елдің шығысында, түнде солтүстігінде және орталығында, күндіз батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады.
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін»,- делінген ақпаратта.
Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!