12 шілде күні, Мәскеу облысында жөндеуден кейін кері ұшқан ұшақ төтенше жайт туралы сигнал беріп үлгергенімен, көп ұзамай радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Жөндеуден кейін Внуково әуежайына ұшқан «Суперджет- 100» лайнері бір рет апат сигналын беріп үлгерді, содан кейін ол радардан жоғалып кетті”, – деді Мәскеулік құқық қорғау органының өкілі.
Коломенск ауданында Суперджет-100 сынақ рейсіндегі үш экипаж мүшесі де апат салдарынан көз жұмғаны айтылды.
Бұған дейін ұшақтың құлауы туралы ақпарат Мәскеу облысында тексерілетіні хабарланған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!