Американың Техас штатына қарасты Мидленд қаласында болған атыстан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды KAZINFORM Синьхуаға сілтеме жасап.

Мидленд мэрі Лори Блонг атыстан кейін күдікті көз жұмды деп танылғанын хабарлады. 

Қала билігі жағдайдың реттелгенін және халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді. 

Атыс Мидлендтің оңтүстік-шығысында басталып, қаланың оңтүстік бөлігінде жалғасты. Зардап шеккен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Медициналық мекеме өкілінің айтуынша, олардың төртеуіне ота жасау қажет болды. 

Жағдайлары тұрақты деп бағаланған тағы бес адам медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді.

Техас қоғамдық қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, күдікті — 45 жастағы Виктор Мата Вильярреал. Ол полиция қызметкерін өлтіруге оқталды деген күдікпен іздеуде болған.

Бұған дейін сәрсенбіде көлікпен қудалау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарай бірнеше рет оқ атты деп шамаланып отыр. 
Осыған дейін АҚШ-тағы фестиваль кезінде болған атыстан 12 адам зардап шеккенін хабарланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!