Фото: pixabay
Мексикада жыл басынан бері аптап ыстықтан 90 адам көз жұмған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aa.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мексикалық БАҚ хабарлағандай, Веракрус, Табаско, Тамаулипас, Нуэво-Леон және Сан-Луис Потоси сияқты Штаттарда өте жоғары температураның әсерінен қаза тапқандар саны артып жатыр.
Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тек 29 мамырдан 5 маусымға дейін 29 адам аптап ыстықтың салдарынан көз жұмған. Екі мыңға жуық адам ауруханаларға ыстыққа шағымданып жүгінген.
Мексиканың ұлттық автономиялық университеті (UNAM) мамырдың соңғы 15 күнінде ел тарихындағы ең жоғары температура болғанын алға тартты. Мексиканың 14 штатында ауа температурасы 40 градустан асады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!