Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы жанармай құю бекеттерін бағасы тағы да өсіп кетті.

Соңғы бірнеше күнде жанармай орташа есеппен тағы 5-10 теңгеге қымбаттаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Ең танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайттарындағы мәліметтерге сәйкес, Нұр-Сұлтандағы АИ-92 – 168-177 теңге, АИ-95 – литрі 188-ден 197 теңгеге дейін, АИ-98 – 186-дан 220 теңгеге дейін.

Алматыда АИ-92 165-171, АИ-95 187-200, АИ-98 – 191-230 теңгеден сатылуда.

Қазақстанның басқа қалаларында АИ-92 жанармайының бағасы 175 теңгеден аспайды. АИ-95 бағасы 185-тен 200 теңгеге дейін. АИ-98 175-205 теңгеден сатылуда.Қазақстанда бензин бағасының көтерілуіне қатысты жағдай сәуірдің басынан бері байқалады. Қазақстандықтар бағаның өсуіне ғана емес, жанармай жетіспеушілігіне де шағымдануда.