Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдіктерінде Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де Ресей президенті сайлауына дауыс беру басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандағы ресейліктер төрт қалада дауыс бере алады:

1.Астана

2.Алматы

3.Орал

4.Өскемен.

Дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Дауыс беруге қатысу үшін консулдық тіркеуден өтудің қажеті жоқ, бірақ жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып баруы керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!