БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде жарияланған есепке сәйкес, Украинада бейбіт тұрғындардың мәжбүрлі түрде жоғалуы Ресей билігінің “жаппай және жүйелі әрекеттерінің” салдары болып табылады және адамзатқа қарсы қылмысқа теңестіріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы dw.com-ға сілтеп.
Бұл туралы БҰҰ-ның Украинадағы құқық бұзушылықтарды зерттейтін Тәуелсіз халықаралық комиссиясы 19 наурызда мәлімдеді.
Комиссия есебінде Ресей әскерінің бақылауындағы украин аймақтарында көптеген бейбіт тұрғындардың ұсталғаны атап өтілген. Олардың қатарында жергілікті билік өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер және Ресей билігі Украинадағы әскери мақсаттарына қауіп төндіреді деп санаған өзге де тұлғалар бар.
Сонымен қатар, құжатта украин әскери тұтқындарының да зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған.
БҰҰ сарапшылары Украинадағы құқық бұзушылықтарды тергеу жалғасатынын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!