Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен «Жылжымайтын мүлік нысанына мекенжай беру/жою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, «Жылжымайтын мүлік нысанына мекенжай беру/жою» мемлекеттік қызметін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғаларға немесе олардың қамқоршыларына, сондай-ақ заңды тұлғаларға көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет аясында жылжымайтын мүлік нысандарына тұрақты мекенжай беру немесе оны жою жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  • Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін – 3 жұмыс күні;
  • аудандар үшін – 5 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, өтініштерді қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беретін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және цифрлық үкімет операторына жолдайды.

Бұйрық 2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!