Желтоқсаншыларды «лаңкеске» теңеген шенеунік қызметінен шеттетілді. Бұл туралы журналист Жеңіс Оспанов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

– Биыл 15 желтоқсанда «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалына Ж.Ж.Каймрденовтен Сандықтау аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Л.Ловягинаның 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың атына жағымсыз пікірлер айтқандығы туралы жазбаша арыз келіп түсті.

19 желтоқсанда облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы қызметтік тексеру жүргізу үшін Сандықтау ауданына барды. 22 желтоқсанда партия филиалының Саяси кеңесінің бюросында қызметтік тексеру нәтижелері шығып, Л.А. Ловягина атқарып отырған қызметінен босатылды.

«Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы – деп жазыпты.Кешегі жазған жанайқаймыз жоғарғы тарапқа жетті. Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы «Аманат» партиясының филиал басшысы Л.А. Ловягина қызметінен кетіп, кешірім сұрады. Қазақ ешқашан лаңкес болмаған. Біздің өз еліміз, Президентіміз, Заңымыз Тәуелсіз мемлекетіміз бар. Оны қорғаймыз да, қолдаймыз да!!! – деп жазды журналист.

Taulik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!