Фото: elements.envato.com

Halyq Uni. Синоптиктер 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық ағындардың әсерінен барлық облыста найзағай ойнап, жел күшейеді, жаңбыр мен бұршақ жауады. Тек кей күндері батыста жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыс ағындары әсерінен мамырда күндіз ауа температурасының көтеріледі. Мысалы, батыс және оңтүстік облыстарда ауа температурасы 18-28 градусқа дейін, солтүстік, орталық, шығыста 15-23 градусқа дейін көтеріледі. Тек 23 мамырда солтүстікте ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді, – деп жазылған хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!