Фото: depositphotos.com
Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады, оның салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр күтіледі.
«Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында басым жағдайда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз өте қатты ыстық күтіледі, +33…+43 градусқа дейін жетеді», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!