24 шілдеде Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады. Атырауда ауа температурасы +39 градусқа дейін көтеріледі. Ал елдің солтүстігінде, шығысында және орталық өңірлерінде ауа райы салқындап, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +25…+27.
Алматы – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +29…+31.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +33…+35.
Ақтөбе – ашық ауа райы. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +32…+34.
Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +37…+39.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +29…+31.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +23…+25.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +25…+27.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +31…+33.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32.
Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +34…+36.
Павлодар – бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл болады. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +26…+28.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +27…+29.
Семей – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +30…+32.
Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37.
Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +34…+36.
Өскемен – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
