Абай облысының Бородлихо ауданында бүтін бір отбасы көмір иісіне уланып қала жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан түнгі 23:40 шамасында Бородулиха ауданының орталық ауруханасынан хабар түскен.

Медицина мекемесінің хабарлауынша, бір отбасының 6 адамы көміртегі тотығынан орташа дәрежеде уланған.

Қазір 5 баласы мен анасының жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында болып, таңертен үйіне қайтарылған.

Көміртегі тотығынан улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болған.

Абай облысының ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін еске салады.

«Жылыту кезеңінің басталуымен көміртегі тотығымен улану қаупі артады. Сондай-ақ, мұржаларды уақытында тазалап отыру қажет» делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!