Синоптиктер 4-6 мамырда елімізде ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Солтүстік антициклон жотасы ықпалынан Қазақстанның басым бөлігіндегі жауын-шашынсыз ашық ауа райы қалыптасады, түнгі уақытта оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-7 градус үсік күтіледі.

Еліміздің батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі – батыста жаңбыр жауады, 4-5 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ жауады, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде құмды дауылдар болжанады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!