Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы 2022 жылғы 3 шілдедегі шешіміне сәйкес Шілдебаев Марат Тыныштықбайұлы Ақсу ауылдық округі әкімі болып сайланды.

Марат Тыныштықбайұлы 1966 жылы 2 қыркүйекте Ақсу ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы құрылыс инженері.Еңбек жолын 1990 жылы «Кызылордагражданпроект» жобалау институтында инженер болып бастаған.1991-2003 жылдары – Жалағаш агроөнеркәсіп бірлестігінде инженер, Ақсу совхозында инженер-механик, «Ақсу» өндірістік кооперативінде прораб.2003-2004 жылдары – Облыстық сәулет және жобалау орталығының Жалағаш аудандық филиалының директоры. 2005-2011 жылдары – жеке кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс жасаған.2011-2022 жылдары – Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің әдіскері.

2022 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Ақсу ауылдық округ әкімі аппаратының статисты қызметін атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!