Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің 2022 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрық шығарды.

Бұйрықта өңірлердегі газ бағасы белгіленген. Егер осы бағадан қымбатқа газ сатылған жағдайда автогаз құю станцияларының басшысы жазаланады.

Сонымен, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар:

Нұр-Сұлтан – 70 теңге/л;

Алматы – 65 теңге/л;

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары – 50-55 теңге/л;

Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 70-75 теңге/л;

Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында – 60-65 теңге/л.

Бұйрық биыл 6 шілдеден бастап  2023 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.

Айта кетейік, биыл жыл басында газ бағасының күрт қымбаттауы Қаңтар көтерілісіне түрткі болған еді.