Бұдан былай банкке берешегі бар қазақстандықтар несие рәсімдей алмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты. 

Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ, Несие бюросына берілген қарыз жайлы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микрокредит бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыпақы көлемі шектеледі. 

Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалынып отыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!