«Ақтөбе өндірістік компаниясы» ЖШС банкроттық басқарушысы Болат Назарбаевқа қатысты арыз түсірген. Себебі компания жартылай экс-президенттің інісіне тиесілі болған кезде 6 көлік сатылып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот көлікті сатып алушылардың әрекетін дұрыс деп бағалағандықтан, екіжақты реституция шарасын таңдай алмаған. Сондықтан банкроттық басқарушы 19 451 000 теңге көлемінде шығынды қайтару туралы арыз тсүірген. Нәтижесінде сот бұл арызды негізді деп таныған.
«Назарбаев Болат Әбішұлынан «Ақтөбе өндірістік компаниясы» ЖШС-ның пайдасына транспорт көлігін жоғалтуына байланысты 19 451 000 теңге көлемінде шығын қайтарылсын», – делінген Ақтөбе экономикалық сотының хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!