Фото: Freepik
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, – деп хабарлайды KAZINFORM.
— 21 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!