Кешкі 18.00-де алматылық ата-аналар үшін баласын үйірмеге кезекке тұрғызу басталды. Алайда көпшілігі кезекке жазыла алмады. Өйткені DamuBala платформасы дұрыс жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жағдайға орай DamuBala жүйесі ресми түсінік берді.

«Құрметті DamuBala жүйесін қолданушылар! Өкінішке қарай, бізге байланысты емес себептермен Алматыда кезекке тұру мүмкіндігі бүгін жүзеге аспады. Кезектің ашықтығы пен оның әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін кезекке тұру ертең, яғни 3 мамыр сағат 18:00-де қайта басталады»,- деп жазды тегін үйірмелер мен секциялар бағдарламасының операторы Instagram парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!