Елімізде дизель отынының бағасы бір жылда 13 пайызға өскен. Ал қысқы дизель 30,7 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Экспресс К

Жалпы, дизель отынының өндірісі биылғы 10 айда 10 пайызға жуық өсті. Бұл туралы Energyprom.kz сайты жазды.

Осы жылы қаңтар-қазан айларында елімізде 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,7 пайызға артық. 2021 жылы елімізде дизель отынының өндірісі 6,6 пайызға артып, 5 миллион тоннаға дейін өсті.

Алайда көлік отынының бұл түрінің импорты мен экспорты төмен болған: 23,8 мың тонна (өткен жылдан 3,9 есе аз) және 60,5 мың тонна (былтырғыдан 3,4 есе аз). Ішкі нарықта сатылым 3,6 миллион тонна болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға артық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!