Әскерде қызмет ету кезінде ауыр ми жарақатын алған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар қайтыс болды. Бұл туралы оның отбасының мүддесін қорғаған адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады Egemen.kz.

«Өкінішке қарай, бүгін Ербаянның жүрегі тоқтағанын білдік. Бұл жазба қоштасу үшін ғана емес. Өйткені Ербаян осы екі жыл ішінде өзінің өмірі үшін күресе отырып, мыңдаған сарбаздың тағдырына әсер етті. Оның оқиғасы арқылы әскердегі көптеген мәселе ашық айтыла бастады. Бұрын үнсіз қалған ата-аналар сөйледі. Қоғам талап қоя бастады. Мемлекеттік органдар жауап беруге мәжбүр болды. Кейде бір адамның тағдыры тұтас бір жүйені өзгертуге түрткі болады. Ербаян сондай азаматтардың бірі болды», деп жазды Инга Иманбай.

Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында кома жағдайында ауруханаға түскен еді. Ұлттық ұланның әскери бөліміндегілер сарбаздың дәретханада құлап, басын соғып алғанын хабарлаған болатын. Алайда оның ата-анасы ұлдарының соққыға жығылғанын айтып, жарақаттың басқа жағдайда алғанын дәлелдеуге тырысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!