Америкалық кәсіпкер Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды, соңғы өзгерістерге байланысты оның байлығы 118 миллиард долларға азайып, 957 миллиард долларды құрады. Бұл Bloomberg агенттігі рейтингінің деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бизнесмен триллионер мәртебесінде екі аптаға жетпейтін уақыт қана болды. 12 маусымда Bloomberg Масктің дәулеті оның SpaceX корпорациясының акцияларын алғашқы жария орналастырудан (IPO) кейінгі сауданың алғашқы күнінде-ақ триллион доллардан асқанын хабарлаған болатын.

Bloomberg индексі миллиардерлер үлесі бар компаниялардың бағалы қағаздарының құны негізінде есептеледі. Кейбір кәсіпорындар үшін есептеу олардың капитализациясы мен EBITDA арақатынасы негізінде жүзеге асырылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!