Күні кеше Ақтауда Каспий теңізіне үш ер адам батып кетті. Сүңгуірлер үшеуінің де денесін судан алып шықты. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, азаматтардың бірі жақында ғана үйленген. Маңғыстау облыстық ТЖД марқұмдардың екеуі Қарағанды тұрғыны екенін, олар Ақтаудағы досының тойына келгенін мәлімдеді, деп жазады Lada.kz.

Белгілі болғандай, ТЖД құтқарушыларының көмегімен Қарағандының 1999 жылы туған тұрғынының денесі 19:58-де, ал сол жылы туған екінші тұрғынының мәйіті 21:36-да судан шығарылған. Сағат 22:07-де теңізден Ақтаудың 23 жастағы тұрғынының денесі шығарылған. ТЖД мәліметінше, ол 15 мамыр күні ғана үйленген екен. «Қарағандының екі тұрғыны Ақтауға батып кеткен тұрғынның тойына келген. Екі ер адамның суға түспек болғаны, ал қалған екеуі оларды құтқармақ болғаны анықталды. Жолдастарын құтқаруға тырысқан азаматтардың бірін куәгерлер құтқарып қалды. Ол Бейнеу қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлер қарауынан соң үйіне жіберілді»,- деді Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Іздестіру кезінде сүңгуірлер Каспий теңізінің суына жағадан 1,5-2 метр қашықтықта үш метр тереңдікке батырылған. Сондай-ақ оқиға орнында суға батқан азаматтардың жақындарына көмек көрсету үшін ТЖ департаменті психология қызметінің тобы жұмыс істеген. Басылым тілшілерінің дерегінше, оқиға орнынан спирттік ішімдіктер табылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!