Бұған дейін ӨКМ «Операторы» ЖШС-і берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізілмегендіктен сертификатты қолдану мүмкін болмаған еді.

«Жасыл даму» АҚ отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификаттарын қаржыландыруды бастады, деп жазады ulysmedia.kz. Бұған дейін ӨКМ «Операторы» ЖШС-і берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізілмегендіктен сертификатты қолдану мүмкін болмаған еді. Ескі көліктерін ақшалай өтемақыға тапсырған жеке және заңды тұлғалар тиісті төлемдерін алуы үшін «Е-Өтініш» біріңғай платформасы арқылы Қоғамның атына өз өтінішін жолдап, банктік деректемелерін көрсетуі қажет. Ақшалай өтемақы расталған өтінімдер мен банк деректемелері дұрыс жіберілген өтініштер бойынша төлем жүргізілетін болады. Мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын (электр қозғалтқыштары бар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін) және олардың компоненттерін, сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына тиісті Жеңілдік сертификатын пайдаланып жаңа көлік пен ауылшарушылық техникасын сатып алуға болатын автоөндірушілердің тізімі қазан айында қосымша жарияланатын болады.

Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!