«Мемлекеттік толық жинақталған мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға қаражат қарастырылған, оған мектептер жабдық сатып алып, ал қаражат үнемделген жағдайда қызметкерлерді көтермелей алады.

Дегенмен бірқатар аймақтағы мектептерді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген қаражаттың басқа мақсатқа жұмсалғанына байланысты 2022 жылы жаңа оқу жабдықтары мен жиһаз сатып ала алмаған мектептер бар.

Мектептерді қосымша автобустармен қамтамасыз ету үшін әкімдіктер мектеп автобустарын сатып алуға қаражат бөлді.

Колледж студенттері тегін білім алуы үшін гранттар санын көбейту қарастырылған.

Бұдан басқа, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге, әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге қаражат көзделген.

Енді Мемлекет басшысының білім беру жүйесінің алдына қойған міндеттерін сапалы орындау үшін 2023-2025 жылдарға арналған білім беру саласына бөлінген қаражатты толық көлемде жеткізу және оларды қайта бөлуге немесе басқа салаларға қайта бағдарлауға жол бермеу қажет.

Біздің министрліктің сайтында жұртшылық бюджет қаражатының бөлінуін бақылау мүмкіндігіне ие болуы үшін тиісті ақпарат ұсынылады. Өз кезегінде жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін осы шығысты есепке алу туралы қосымша ақпарат жариялаймыз”,- деп жазды министр.

Taulik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!