Шымкенттегі мектептердің бірінде бас бухгалтер мемлекет қаржысынан 67 миллион теңгені қалтасына басқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп бухгалтерінің ақша жымқыру фактісін Отырар сайты жазды. Дерекке сүйенсек, ол арам пиғылын директордың электронды қолтаңбасы арқылы жүзеге асырған. 

Яғни мектеп директоры электронды цифрлы қолтаңбаны пайлануды білмеген. Сол себепті ол бас бухгалтердің көмегіне жүгініпті. Бірақ қолтаңбаны қызметкер кейіннен өз пайдасына жаратқан көрінеді. Осылайша бюджеттен 67 миллион теңгені жымқырғаны анықталып отыр.

«Тергеу барысында бас бухгалтердің қылмыстық құқық бұзушылық жасауына бірқатар мән-жайлар ықпал еткені анықталды. 138 мектептің директоры ЭЦҚ қолдана алмады және цифрлық жұмысты өз қызметкеріне тапсырды. Күдікті бастығының тиісті бақылау жасамайтынын сезгеннен кейін мемлекеттік қаражатты өз қалауы бойынша жеке мақсаттарына және өз қажеттіліктеріне жұмсаған”, – дейді Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы жетекшісінің орынбасары Олжас Тобашов. 

Сондай-ақ бас бухгалтер осы істі 3 жыл бойы тып-тыныш жасап отырған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!