Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров мемлекеттік орган басшылары халықпен кездесуі кезінде қандай талаптарды орындауы керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншіден, мемлекеттік органдар кездесу өткізу кезінде Жарлықтың барлық талаптарын сақтап, Кестеде бекітілген мерзімдерді ұстанып, Әдістемелік ұсынымдарды орындауы керек. Екіншіден, облыс орталықтарына шығумен шектелмей, аудандарға, ауылдар мен кенттерге, шалғайдағы елді мекендерге баруды да ұмытпау керек. Министрліктер облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мәселелерді тіркеп, шешуге мүдделі екенін халыққа түсіндіру маңызды», – деді А. Омаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығы қабылданды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы кейбір өңірлерде басшылар халықпен кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғанын сынады. Үкімет отырысында биылдан бастап орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының өңірлерге барып, халықпен жүзбе-жүз кездесу өткізудің жаңа тәртібі жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!