Мәслихат сессиясы: Республикалық бюджеттен Қызылорда қаласынан көпсалалы аурухана мен емхана салуға және жаңа мектептер салуға қаржы бөлінбек. Мәслихат сессиясында Нұрлыбек Нәлібаев бірлескен шұғыл шешімдердің нәтижесінде халық көптен күткен көпсалалы аурухана және емхана салуға қолдау таптық деді.

– Өңірге келгелі бюджеттің мүмкіндігіне иек артып ғана қоймай, елге жанашыр демеушілерді тарта отырып, әлеуметтік нысандар салуды қарқынды түрде бастап кеттік. Қазіргі таңда бюджетке көптеген қосымша қаражат тартуға жұмыс жасалуда. Бұған дейін Қызылорда қаласынан көпсалалы аурухана және емхана салуға республикалық бюджеттен 36,4 млрд.теңгеге ұсыныс берген болатынбыз. Сәті туып, қаржы алуға қолдау таптық. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы бастауға 750 млн.теңге бөлуге шешім қабылданды. Бұл өңір үшін үлкен мүмкіндік.Білім саласында да жақсы жетістіктер бар. Келесі жылы жаңа мектептер салуға 19 млрд.600 млн.теңге қаражат бөлінеді, – деді Н.Нәлібаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!