Президентке технопарктің заманауи инфрақұрылыммен жасақталғаны жөнінде айтылды. Мұның бәрі стартаптар мен жобалар әзірлеумен айналысатын кәсіпкерлерді, студенттерді, сондай-ақ оқушыларды қолдауға арналған. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Президент елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін айтты

Мемлекет басшысына инновациялық зертханалар мен шеберханалар таныстырылды.

Президент елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін айтты

Онда студенттер мен жас мамандар электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігіншілік дағдыларын меңгереді.

Президент елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін айтты

Президент халықаралық бағдарлама бойынша ІТ-мамандарды даярлайтын оқу аймағын және цифрлық әрі телекоммуникациялық құзыреттерді дамытуға бағытталған зертхананы аралап көрді.

Президент елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесу барысында қазір жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамыту өзекті болып отырғанын жеткізді.

Президент елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін айтты

Президенттің айтуынша, елімізде көлік-логистика саласының білікті мамандарына сұраныс жоғары. Мемлекет басшысы жастарды келешектің кепілі саналатын сапалы білім алуға шақырды.

Президент елімізде қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін айтты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!