Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нысандағы тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің бұйрығы «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

«Бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», – делінген министр бұйрығында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес аталған бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін міндеттейді.

Ресми тіркеуден өткен соң бұйрық Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында орналастырылады.

Одан бөлек, бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні айтылған.

Мектеп оқулықтары мен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешеннің электрондық нұсқасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.