Мәресіне жеткен жылдың айтулы жаңалығының бірі – Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күні қарсаңында отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевқа берілген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлт мақтанышына айналған тұлғаның ерен еңбегін жоғары бағалады. Сыр топырағынан түлеген академик, математик, ғалымның осындай жоғары марапатқа ие болуы жерлестерін де қуанышқа бөледі.

«Өнер орталығында» өткен жыл қорытындысына арналған салтанатты жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Асқар Серқұлұлына Сыр жұртшылығы атынан автокөлік кілтін табыстады.

Академик жерлестері көрсеткен құрметке ризашылығын білдіріп, жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтады.

Қазақстанның Еңбек Ері, академик Асқар Жұмаділдаевқа жерлестері атынан автокөлік кілті табысталды
Қазақстанның Еңбек Ері, академик Асқар Жұмаділдаевқа жерлестері атынан автокөлік кілті табысталды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!