Фото: ҰОК
Бүгін, 16 сәуірде Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан Азия чемпионаты басталды, деп жазады KAZINFORM.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, құрлық біріншілігінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі жартылай финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан финалға шығу үшін күреседі.
Давлатовтың қарсыласы – Тайбэй елінің өкілі Ян Юнвэй. Ал Бақытжан бахрейндік Руслан Полторацкиймен белдеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!