Фото: caravan.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,69 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 483,57 теңге.
Ұлттық банктің 4 қыркүйектегі ресми бағамы — 1 долларға 482,74 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге.
Еуро — 532,70.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 485 теңге.
Еуро 533 — 537 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 481 теңге, сатып алу құны — 486 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,30 — 5,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Дереккөз: KAZINFORM
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!