Астанада сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп хабарлайды Stan.kz. ақпарат агенттігі “Патриот” telegram арнасына сілтеме жасап.

Астана полициясы депутаттың өлімінен қылмыс белгілерін таппағанын мәлімдеді.

«Гүлмира Каримованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Бүгінгі күні қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тергеу тоқтатылды. Бұл істі қадағалаған прокурор шешімді бекітті», – деді Қуаныш Орынбетов.

Полковник қосымша айғақтарды жинаудың барлық мүмкіндіктері таусылғанын атап өтті. Ал тергеуші іс бойынша қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келген.

Еске салсақ, Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болған еді. Ал Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы сенатор Гүлмира Кәрімованың анафилактикалық шоктан көз жұмбағанын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!