Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ-нің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Мүмкіндіктер алаңы» өткізілді.

Шараның мақсаты – қазіргі таңдағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту және жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету.

Шарада түрлі сала мамандары қабылдау өткізіп, жастардың көкейіндегі сауалдарды тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен баяндады.

«Мүмкіндіктер алаңына» қатысу арқылы жастар сала мамандарынан жұмысқа орналасу, жастар кәсіпкерлігі, білім, тұрғын үй мәселесі, денсаулық, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, жастардың тегін үйірмелер мен курстарға жазылуы және т.б. бағыттар бойынша кеңес алды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарынан кеңес (ЭЦҚ кілтін ашу және egov.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері және т.б.) берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!