Италия Милан мен Кортина-Д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми әнұранын таңдады. Оны Rai Uno телеар­насында ресми түрде дауыс беруді бастаған итальяндық телерадио жүргізуші Амадеус жариялады.

«Таңға дейін» деп аударылатын Fino all’alba шығармасын la Cittadina жастар музыкалық тобы жазған. 22 ақпанда аяқталған байқау нәтижесі бойынша бұл ән 72 пайыз дауыс жинаған.  2026 жылдың қысқы ойындарына арналған жаңа әнұран Мәдениет министрлігімен және Италияның азаматтық және әскери оркестрлерінің қатысуымен, университеттер мен зерттеулер министрлігімен бірлесіп жасалды.

Итальяндық әнші және актриса Ариса бұл әнді «Сан-Ремо 2022» фестивалінің сахнасында шырқаған. Айта кетсек, қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында, ал Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді.