ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев БАҚ туралы заңнамаға енетін өзгерістер қашан дайын болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елордада өтіп жатқан бұқаралық медианы заңнамалық реттеу туралы конференцияда Кемелбек Қойшыбаев интернет ресурстардың жарнама тартуын заңмен реттеу көзделіп отырғанын айтты. «Қолданыстағы заңнамада интернеттегі жарнаманы реттеуге қатысты құқықтық алшақтық бар екенін көреміз.
Енді заңнамада интернет-ресурстардың жарнама орналастыру құқықтары мен жауапкершілігін нақты норма арқылы айқындау қажет деп санаймыз. Интернет-ресурстардағы баннерлік және бейне жарнаманың көлемін анықтау көзделіп отыр.
Бұл шаралар жарнаманы орналастырудың барлық ережелерін сақтайтын дәстүрлі БАҚ мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Жарнама бүкіл БАҚ үшін негізгі табыс көзі екенін түсінеміз. Бірақ дәстүрлі БАҚ жарнама туралы заңнаманы сақтағаны сияқты, интернет орта да заң талабына бағынуы керек деп ойлаймыз», – деді вице-министр. С
ондай-ақ, ол министрліктің бұл мәселеде барлық идеяларға ашық екенін атады.
«Біз әрбір ұсынысты мұқият зерделеуге және біздің саламызды дамытуға көмектесетін идеяларды заңнамаға енгізу мүмкіндіктерін пысықтауға дайынбыз. Шамалап алсақ, жыл аяғына дейін ұсыныстарды жинап келесі жылы қоғам талқылауына шығарып, кейін Парламент қарауына шығарамыз. Бұл шамамен 2023 жылы болуы мүмкін», – деді Кемелбек Ойшыбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!