Асхат Аймағамбетов цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Оқу-ағарту министрі мемлекеттік қызметтерді реинжинирингтеу, электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдері мен талап етілетін құжаттарды қысқарту, қызметтерді қосымша өтініштерді қажет етпей автоматты түрде көрсету үшін проактивті форматқа ауыстыру жөнінде тапсырмалар берді.

Сондай-ақ ІТ лицейлердің жұмысы, мектептерде робототехниканы дамыту және STEAM қозғалысы, электронды цифрлық ресурстар, сондай-ақ білім беру саласындағы басқа да үрдістерді автоматтандыру бойынша тапсырмалар берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!