Қазақстанда бос жүрсе де, жұмыс іздеуге талпынбайтын 51,5 мың адам тіркелген. Бұл туралы сәуір-маусым айларының қортындысын жариялаған Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«2022 жылдың екінші тоқсанында экономиканың түрлі салалары бойынша 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 6,7 млн – жалдамалы қызметкер, ал 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,1 мың адамға көп. Жұмыссыз жүрсе де, қызмет іздемеген немесе жұмыс істеуге дайын емес адамдар биылғы жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 18,4 пайызға азайды – 51,5 мың адам. Оның ішінде 15-28 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 3,8 пайыз. Ал, NEET санатындағы жастар арасында жұмыссыздық көрсеткіші – 6,5 пайыз», – деп мәлім етті Ұлттық статистика бюросынан.Бюро дерегінше, сәуір-маусым аралығында ел бойынша 452 мың жұмыссыз адам тіркелген.Еске сала кетсек, бұған дейін 5 мыңға жуық елордалық жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғанын хабарлап едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!