Эвересттің биіктігі енді ресми түрде 8848,86 метрді құрайды. Әлемнің ең биік шыңы тағы 86 сантиметрге «өсті».

Қытай мен Непал ғалымдары жүргізген зерттеулерді «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Тау Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданының шекарасында орналасқандықтан, екі елдің билігі бірлескен зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдаған. Былтыр мамыр айында шыңға бірінші болып непалдық геодезистер шықты. Олардың қытайлық әріптестері Эверестке мамыр айында жетті. Алынған деректерді біріктіре отырып, ғалымдар біртұтас тұжырымға келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!