Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеп жүрген азаматтардың арасында жазғы спартакиада ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шаралардың негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Жазғы спартакиада аясында №37 мекемеде шахмат пен дойбыдан финалдық жарыстар өтті. Сайыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарысқа белсенді қатысты. Спорттық іс-шаралар олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар мұндай жарыстар жазасын өтеуші азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырып, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жазасын өтеушілер мекеме әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды. Жазғы спартакиада аясындағы спорттық жарыстар алдағы уақытта да жалғасады. Сотталғандар спорттың әртүрлі түрі бойынша өзара бақ сынап, өз шеберліктерін шыңдайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
