Тышқан

Бұл – бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген арман-мақсатты жүзеге асыруға таптырмас жыл. Алаңғасарлыққа жол бермей, жоспарыңызды мұқият ойластырыңыз. Білектің күшімен емес, ақылмен істейтін жұмыстан көбірек табыс табуға мүмкіндік мол. Жыл қызықты идеяға толы болады. Оны тезірек жүзеге асыруға тырысыңыз. Үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектену қажет. Қаржылық тұрғыда қиындық туындамайды. Тек жыл басында аздап таршылық көруіңіз мүмкін.

Сиыр

Позитивке толы уақыт жетті, сондықтан күтпеген қиындықты тез әрі оңай шешесіз. Ұнжырғаңыз түспесін. Өзіңіз дұрыс деп тапқан жолдан айнымаңыз. Көптеген адамға жақсы әсер қалдырып, олардың өміріне өзгеріс әкелуіңіз мүмкін. Сонымен қатар айналаңыздағылар ақылыңызға жиі жүгініп, жол сұрамақ. Кітапхана, театр, көрме секілді орындарға жиі барғаныңыз жақсы. Сіздің жүрегіңіздің иесі сонда жүрген болар. Артық проблемаға жолықпас үшін жыл бойы құмар ойын мен күдік тудыратын жобадан аулақ болыңыз.

Барыс

Жыл иесінің ұсақ-түйекке бола жүйкесін жұқартпағаны дұрыс, қиындықтың барлығы аз уақыт ішінде шешім табады. Бұл жылы сәтті қадамдар жасалады. Таңғаларлық оқиға, күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Соның әсерінен көптеген адамға басқа көзқараспен қарай бастайсыз. 

Шығармашылық қырыңыз ісіңіздің алға өрлеуіне көмектеседі. Жыл – жұмыс ауыстырудың, материалдық ахуалыңызды көтерудің ең оңтайлы уақыты.

Қоян

Жыл жаңа таныстық үшін қолайлы. Жаныңызға жақын жанмен алдағы күндерге жоспар құрасыз. Осы тұста кедергіні жеңуге жәрдемдесетін адамдар пайда болады. Көздеген мақсатқа жету үшін барынша еңбектену керек екенін ұмытпаңыз. Оның жемісін көретін күн жақын. Кейбір жандар кәсібін ауыстырса, бірі қала, бірі имидж өзгертеді. Бастысы, өз ақылыңызға ғана арқа сүйеп, таныс емес адамдармен байланыс орнатудан аулақ болыңыз.

Ұлу

Әр күн сізді ерекше қуантады. Жақындарыңыз тарапынан жақсы жаңалық естіп, үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүресіз. Сондай-ақ достарыңызбен тату қарым-қатынас орнатуға сәтті жыл болмақ. Қаржы мәселесі де тез арада шешімін тауып, жаңа бастамаларға ден қоясыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғалар қатты әсер етеді. Сондықтан байсалды болып, эмоцияға ерік бермей, оптимизммен достасыңыз. Көптеген жандар бұл жылы жаңа қызметке ие болып, қаржылық мәселесін реттеп, ескі арманын жүзеге асырады. Қай салада болмасын өзіңіздің потенциалды көрсетсеңіз, абырой-атақ пен жақсы жалақы күтіп тұр.

Жылан

Күтпеген кездесулер орын алып, іскерлік қарым-қатынастағы шаруа оңтайланбақ. Сол үшін басыңыздан өткен жағдайды дұрыс бағамдаңыз. Жылдың жарқын тұсын қызықты өткізсеңіз, көмескі тұстары сізге кері әсер етпейді. Әр күнді жақсылықпен әсемдеп, қуанышты өткізу өз қолыңызда. Алға ұмтылушылық пен еңбексүйгіштігіңіз қаржылық жағдайды тұрақты етеді. Көп табыс жаңа заттарды алуға деген қызығушылығыңызды тым оятып жіберу мүмкін. Үнемдеуді үйреніп, инвестициялық жобаға иек артуыңыз керек.

Жылқы

Тілегіңіз орындалады. Өзіңізді бақытты сезінесіз. Бұрын қолға алуға қаймыққан істерді қайта жандандыруыңыз мүмкін.  Әрі жаңадан кәсіп бастап, қуаныш сыйлауға сізге орайлы мүмкіндік туып тұр. Мықты дамыған интуицияңыз қажет адамды дәл тауып береді. Отбасылы жандар үшін жылдың басты проблемасы қызғаныш болуы мүмкін. Сол сияқты бала тәрбиесінде де қиындықтар кездеседі. Жұлдызшылар қаржы, ғылым, ІТ-технологияда қызмет ететіндердің жұлдызы жанатынын айтады.

Қой

Шығармашылық қабілетіңізді көрсететін орайлы уақыт туып тұр. Маңызды істе жолыңыз болады. Ол үшін уайымға берілмей, тек сол іске ден қойыңыз. Қаржылық мәселе де жылдам шешіледі. Шынайы қалпыңызды жоғалтпаңыз. Жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, алға ұмтылушылық пен жауапкершілік аса қажет. Бұл жылы жаныңызды ауыртатын шешім шығаруға тура келетін сәттер болады. Өміріңізді түбегейлі өзгертетін, жоспарыңызда болмаған жағдаяттар тууы ықтимал. Басты ұраныңыз «не ексем, соны орамын» болсын.

Мешін

Шығын азайып, біршама қарыздан құтыласыз.  Жоспарыңызға қатысты өзгеріс енгізсеңіз, қолға алған жаңа жоба нәтижелі болмақ. Ұсақ-түйекке көп мән бермей, ірі жобаларға көңіл бөліңіз. Жұмысыңыз жетерлік болады. Оның өтемақысы да жақсы екеніне күмән жоқ. Жыл сіздің есіңізде өте сәтті уақыттың белгісі ретінде қалады. Қызметіңіз өсуі де мүмкін. Басқа да жүктелген жұмыстардан қашпаңыз. Еш қорықпай, қабілетіңізді бизнесте сынаңыз. Еңбегіңізге қарай жеңісіңіз көп болады.

Тауық

Керемет мүмкіндік күтіп тұр. Жуық арада өзіңіз жоспарлаған саяхатқа шығасыз. Сол үшін өз салаңызда белсенділікті арттырған абзал. Наурыз айының екінші жартысында кейбір жандарға қатысты ойыңыз өзгеріп, жақын адамдардың өмірін жақсартуға үлес қосасыз. Айналаңызда көз салып жүрген адамдар көп. Ол жалғызбастылар үшін таңдауда қиындық туғызса, отбасылы жандардың қарым-қатынасына кері әсер етеді. Қызғанышқа жол бермеңіз. Өмірлік серігіңізбен бірге жасалған қадам жанұялық іргеңіздің бекуіне ықпал етпек.

Ит

Жұмыс барысында сәтті кездесу мен табысты шешім күтіп тұр. Осы уақытқа дейін көп күш жұмсаған істі абыроймен аяқтайсыз. Бастысы өзіңізге және болашаққа деген сенімді жоғалтпаңыз. Шығармашылық пен махаббат тұрғысынан сәтті жыл болмақ. Әртүрлі оқиғалардың ағылып келуі сізден сақтықты талап етпек. Егер ойлағаныңыз болмай жатса, салыңыз суға кетпесін. Өзіңізге аз-кем уақыт беріп, екінші рет қайталап көріңіз. Күйгелек мінезіңізді өзгертуге тура келеді.

Доңыз

Жыл жағымды жаңалық пен қуанышты оқиғадан басталады. Уақытыңызды жақындарға көбірек арнау үшін жұмыс барысында көп жауапкершілік алудан аулақ болыңыз. Күнделікті жоспарды қадағалап, өткен күнді ой елегінен өткізуді әдетке айналдырыңыз.Отбасы бақытын сақтау үшін қызғаныш пен орынсыз талаптардан аулақ болыңыз. Жақын жандарға ашық әрі шынайы болыңыз. Бұл серігіңізге моральдық қолдау береді. Сол секілді жұлдыздар маусым айында шаңырақ көтергендердің некесі берік болатынына уәде береді. Ал қызметте өзін көрсете алғандарды жақсы табыс күтіп тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!